Saturday, 5 October,2024

Арман Жұмагелдиев сотта жеңіске жетті

Uaqyt.info
Фото

“Дикий Арман” лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев азаптау дерегіне қатысты сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Олег Чернов мәлімдеді. Оның айтуынша, Жұмагелдиев өзіне қатысты азаптау дерегіне байланысты өткен сот отырысында жеңіске жеткен. Сондай-ақ адвокат қорғауындағы азаматтың барлық сот процестеріне жіті дайындалатынын және өзіне сенім білдіргендерге алғыс айтатынын жеткізді. Алайда қалалық сот процестің жабық өтуіне байланысты, бұл іске қатысты әзірге жауап бермейтіндерін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, “Дикий Арман” 2022 жылдың қаңтарында ұсталған болатын. Оған Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды ұрлады деген айып тағылған еді. Оны қамауда ұстау мерзімі жақында 7 тамызға дейін ұзартылды.

Ұсынылатын