Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы ұзарды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
“Дикий Арман” лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 маусыға дейін ұзарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасы бойынша, сот қаулысымен тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. А. Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді", делінген хабарламада.
Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев "Қаңтар оқиғасы" бойынша күдікті деп танылды. Оған қылмыстық топ құрды, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды ұрлады деген бірнеше айып тағылған.