Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
"Дикий Арман” лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Онда Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін дейін ұзартылғаны айтылған.
"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды",- деді баспасөз қызметіндегілер.