Saturday, 23 November,2024

"АрселорМиттал Теміртау" жылына қанша табыс тапқаны белгілі болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

"АрселорМиттал Теміртау" жылына 200 млрд теңге табыс тауып отырған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Арман Қалықов айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Соңғы төрт жылдағы ресми мәлімет бойынша, бұл компания жылына 200 миллиард теңгеден астам табыс тауып отырған, оның басым бөлігін шетелге шығарған. Жасалған ескертулерге, өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салу, көмір өндіруді кеңейту, барлық өндірісті жаңғырту туралы келіссөздер жүргізуге әрекет жасалғанына қарамастан, компания еш келісімге келмеген. Нәтижесінде, осы жылдың өзінде екі апаттық жағдай болды, компанияның елде жұмыс істеген бүкіл кезеңінде жүздеген қазақстандық қаза тапты. Мыңдаған адам денсаулығынан айырылып, мүгедек болып қалды, - деді депутат.

Айта кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" жұмыс істеген жылдары 100-ден астам кенші шахтада мерт болды. «Костенко» шахтасындағы қайғылы оқиға туралы Uaqyt.info бұған дейін бірнеше материал жазды.

 

 

 

 

Ұсынылатын