Saturday, 23 November,2024

«АрселорМиттал Теміртауға» жаңа инвестор келді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы кім екенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Жаңа инвестор бойынша, ол Allur компаниялар тобы, Андрей Сергеевич Лаврентьев. Олар алдағы бір-екі күнде тікелей иелік етеді", - деді Шарлапаев үкіметтің брифингінде.

Жаңа инвестор – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев. Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Allur Group» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы, оның құрамында «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бар.

Айта кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқан болатын. Осыдан кейін Президент «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берген еді.

 

Ұсынылатын