- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Әруаққа сыйынуға болады деген бір имам болмаған". Балғынбек Имашев Бас Муфтиді қызметінен кетсін деп талап қойды
"Әруаққа сыйынуға болады деген бір имам болмаған". Балғынбек Имашев Бас Муфтиді қызметінен кетсін деп талап қойды
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Бас Муфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен оның айналасындағыларды сынға алды. Ол "әруаққа сыйынуға болады" деген сөз үшін шамданып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ол өз мәлімдемесін әлеуметтік парақшасында жазды. Сөзінше "әруақ қолдасын" деген сөз күпірлік, құдайға серік қосу. Ал Бас Муфтидің бұлай айтуға болады деп айтуы және оның сөзін ақтап алуға тырысқан айналасындағылардың әрекеті жиіркенішті деп отыр.
"Біздің қоғам Бас Мүфтидің айыбын ашып айту былай тұрсын, молда біткен ақтап әлек. Дін тізгінін қолына алған Наурызбай Тағанұлы “Аруақ қолдасын” деген түсінікке қатысты аз уақыт ішінде екі түрлі пікір білдірді. Әуелде бұл сөз шариғат шеңберіне сыймайтынын айтты. Кейін "дінімізде оған негіз бар, шариғатқа қайшы емес" деді. Алланың қаһарына ұшырататын сөз. Өйткені, Алланың кешірмейтін күнәсі ол - Аллаға Серік қосу! Бүкіл ҚМДБ имамдарының мүфтидің сөзі мен өзін ақтап, қорғап, жанталасып жатқаны өте үлкен қасірет! тАруаққа сыйынуды - шапағат деп, өлінің дұғасы деп, тауассул деп, ихсан деп түрлі қисынмен ақтап жатқаны Муфтидің сөзінен де жиіркенішті! Мен 30 жыл тәрбие алған имамдарымның ішінде "аруаққа сыйынуға болады" деген бір де бір имам болмаған. Мен естіген хадис, мен оқып жүрген құран тек таухидке шақырады. Мен Ислам дінін ұстанған қарапайым мұсылман ретінде Бас Муфтидің айтқан сөзіне жауап беруін, Аллаға тәубе жасауын, жамағаттан кешірім сұрауын, және өз еркімен қызметінен кетуін талап етемін", - дейді ақын.