Saturday, 23 November,2024

Аружан Дүйсебаева: “Назарбаевтың бетіне түкіріп, жұмыртқа лақтыратын едім”

Uaqyt.info
Фото

Тіркелмеген «Демократиялық партия» белсендісі Аружан Дүйсебаева журналист Нұрсейіт Жылқышыбайың Уақыт көрсетеді бағдарламасына берген сұхбатынан кейін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына түрлі пікірдің жазылып жатқанын айтты. Бірі белсендінің саяси көзқарасын қолдаса, енді бірі “Қатын бастаған көш оңбас” деп сынға алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Аружан Дүйсебаева өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Онда белсенді өзін сынағандарға былай деп жауап берген.

“Нұрсейіт Жылқышыбаймен болған сұқбаттан кейін көптеген адам хабарласып, шынайы қолдауларын білдіріп, тілекші болып жатыр, кейбіреулері алаңдайтындықтарын айтса, енді бірі-қыздың орны ошақ қасы, бала туу дейді... Қатын бастаған көш оңбас деп те жатыр...

Жо-жоқ олай қателеспеңіздер!

Еркек бастаған көштің 30 жылдан астам уақыт бойы алға жылжығанын, яғни оңғанын көрмедім өз басым. Тарихымызда да ел үшін жанын берген қайсар рухты қыздарымыз көп болған. Заманына қарай адамы деген. Назарбаевтың жемқорлығының салдарынан еліміздің ертеңі бұлыңғыр, ұрпағымыздың болашағы қараңғы болып тұр емес па? Мұны қалай жоққа шығарасыздар?

Жігітттер!!!

Жазықсыз шындықты айтқан адамдардың түрмеге қамалғанына мен қыз болғаным үшін үнсіз қалуым керек па?

Елімізді тонап, халықты кедейшілікке алып келіп жатқанын көре тұра қыз болғаным үшін жақ ашпауым керек па?

Демократияны аңсаған қазағымды қынадай қырып тастағанына қарсылығымды қыз болғаным үшін білдірмеуім керек па?

Мына жүйенің салдарынан, білімнің сапасыздығынан зардап шегіп жатқан да мына сіз бен біз емес па? Сонда да үнсіз ас үйде отыруым керек па?

Ия, мен қызбын. Басқа елдің емес, өзіміздің Қазақтың қызымын. Сол себепті шындықты айтқаным айтқан. Сіздер сияқты момақан бола алмайды екенмін”, - деп жазды Аружан Дүйсебаева.

Айта кетейік, журналист Нұрсейт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында Аружан Дүйсебаева қоғамдағы бірқатар мәселені ашық көтерді. Ол тіпті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетін болса, бетіне түкіріп, жұмыртқа лақтыратынын жеткізді.

Ұсынылатын