Saturday, 23 November,2024

Арыс қаласында 5 жасар қыз зорланды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Түркістан облысы Арыс қаласында кәмелет жасына толмаған қыз зорланды деген ақпар тарады. Күдікті сол сәтте ұсталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Көп ұзамай бұл жағдайды полицияда растады. Дерекке сүйенсек, күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

"Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Арыз 21 мамыр келіп түсті. Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізгенін де хабарлады. Жасөспірім қазіргі уақытта үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ.

Ұсынылатын