Saturday, 23 November,2024

Арыста болған жарылыстан бір адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото

Арыста наубайханада болған жарылыстан бір адам көз жұмды. Денесінің 70 пайызын күйік шалған 39 жастағы әйел ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқыс оқиға туралы бұған дейін жазғанбыз. Екі адам зардап шеккен жарылыстан бір адам көз жұмды. Оның денісінің 70 пайызын күйік шалған. Ауыр жарақат алған екінші адам қазір ауыр халде ауруханада жатыр.

"Бүгін сағат 13 шамасында әйел жарақаттарының ауырлығына байланысты жан тапсырды. Ер баланың жағдайы қалыпты. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр”, – дейді Арыс орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Тәжіметов.

Ұсынылатын