Saturday, 23 November,2024

Арыста болған жарылыстан екі адам зардап шекті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Арыста газ баллоны жарылып, соның салдарынан екі адам жарақат алды. Денелерін күйік шалғандар орталық ауруханада жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазыбек би көшесінде орналасқан үш бірдей коммерциялық нысан өртке оранған. Құдай сақтағанда, жарылыстан адамдар дін аман. Ал денесінің біраз бөлігін күйік шалған екі адам ауруханаға жатқызылды.

“Бір қабатты шатыр астында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, наубайхана және дүкенді өрт шалды. 40 жастағы ер адам денесінің 65-70 пайызын күйік шалса, 36 жастағы екінші адам 25-30 пайыз күйіп қалған. Қазір екі зардап шегуші де орталық ауруханаға жатқызылды”, делінген хабарламада.

Ұсынылатын