Saturday, 5 October,2024

Арыстағы авторитет өлімі: Кек алу ісіне Мәжіліске ұмтылған азаматтың да қатысы бары анықталды

Алмас Абылай
Фото

Естеріңізде болса бұған дейін Арыста 4 адамды белгісіз жігіттер үй ауласына мотоциклмен кіріп атып кеткен еді. Екі адам көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға түскен. Артынша әлгі мерт болған азаматтардың бірі қаладағы авторитет екені анықталды. Енді міне бұл іске байланысты тағы да тың ақпарат анықталып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды. Мәліметке сүйенсек, оқиға қанға-қан жүйесімен жасалған кек алу әрекеті. Ал негізгі тапсырыс беруші жергілікті таксопарк иесі. Ол ұлының өліміне байланысты әлгі жігіттерді өзге адамның қолымен өлтіртіп отыр.

Енді бұл іске байланысты тағы бір тың дерек анықталды. Яғни "Байтақ" партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер болға Бекжан Нәлібай ұсталыпты. Ол тапсырыс иесіне әлгі қанды қол күдіктілерді табуға және келісімге келуіне негіз болған. Егер депутат бола алмай қалған Бекжанның әрекеті дәлелденсе 15-20 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.

Айта кетейік, кек алу кезінде көз жұмған жігіттердің бірі Алмас Жолдасов жергілікті авторитеттердің бірі. Оның "Черный Алмас" деген лақап аты да бар көрінеді.

Ұсынылатын