Friday, 22 November,2024

Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары сотта қатты ауырып, оған жедел жәрдем шақыртылды

Uaqyt.info
Фото primeminister.kz

Астанада өтіп жатқан сот процесі кезінде экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары Алмаз Нұразхан өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айта кетейік,  Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарының (Алмаз Нұразхан, Азамат Көшенов, Айым Сәдуақасова) ісі бойынша сот отырысы 17 сәуірде басталған болатын. Бүгін сот отырысында айыпталушылардың бірі Алмаз Нұразханға медициналық көмек қажет болды.

“Алмаз Нұразханды жедел жәрдем бригадасы клиникаға алып кетті. Қайсы клиника екенін білмеймін. Диагноз қою үшін мамандардың көмегі керек”, - деді айыпталушының адвокаты Мұстақым Төлеев.

Осыған байланысты сот кейінге шегерілді. №2 Байқоңыр аудандық сотынынң судьясы сот отырысын 24 сәуір, сағат 10:00-ге ауыстырды.

Ұсынылатын