Friday, 22 November,2024

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Елордада экс-шенеунік Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сот отырысы бас қаланың Байқоңыр ауданындағы №2 сотында өтуде. Бірақ бүгінгі сот отырысына айыпталушы онлайн режімде қатысты. Ол халықаралық көрме өткізу үшін бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді.

"Сотталушы ауа райына байланысты онлайн қатысады. Кейін офлайн режімде жалғасатын болады", - деді судья Бағлан Ыдырысов.

Еске салайық, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс "Байқоңыр" аудандық №2 сотына түскен еді.

Ұсынылатын