Арыстанның екі аланын асыраған алматылық ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Арыстанның 5 айлық екі күшігін заңсыз баққан алматы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Telegram-дағы Polisia.kz арнасының хабарлауынша, 4 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда 5 айлық екі арыстанды за ңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты әшкереледі.
Аталған дерек ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді.
Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.