Saturday, 23 November,2024

Аса ірі көлемде есірткі сақтаған Шу ауданының тұрғыны ұсталды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Жамбыл облысының Шу ауданында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 47 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталың жазуынша, жедел іс-шараларды Жамбыл облысының департамента полиции есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс шарасы аясы нда ҚР ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп жүргізді.

Жеке тінту жұмыстарын жүргізу барысында жалпы салмағы 3 келі 800 грамм болатын есірткі заты бар пакет табылды. Сараптама қорытындысы бұл гашиш есірткі заты екенін көрсетті.

Күдікті бұрын есірткіні белгілі бір орынға жинап көміп қойып, пакетті үйіне алып бара жатқан кезде ұсталған. Ол қара базарда бұл есірткіні 1 млн теңгеге сатуды жоспарлапты. Ер адам осындай есірткі қылмыстары үшін бірнеше мәрте істі болғаны белгілі болды.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдар ы басталды. Бұл бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», – деді облыстық полиции департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Ұсынылатын