Аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған Абылай Мырзахметов қамауға алынды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов уақытша ұстау абақтасына қамалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Антикоррупциялық қызметтің ресми өкілі Арман Тлеукенов мәлімдеді. Оның айтуынша, экс-төраға алаяқтық және туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген. Ол қазір уақытша ұстау абақтысына жабылды.
"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріліп жатыр", – деді Арман Тлеукенов.
Uaqyt.info бұған дейін Абылай Мырзахметовтің 30 млн доллар пара алды деп күдікке ілінгені туралы жазған болатын.