Saturday, 23 November,2024

"Асау аттай тебініп..." Қабатовтың әйелі үлкен сахнада жаңа қырымен тағы жұрт талқысына түсті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан тағы бір қырымен жұрт талқысына түсті. Бұл жолы ол үлкен сахнада ұлттық аспаппен өнер көрсеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазбаны Мөлдір Мұқан әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода домбырашы Ақтоты Болышовамен сахнада бірлесе өнер көрсеткенін байқайсыз. Тіпті олар көрермен алдында секеңдеп, қатты беріле тартуда.

"Қырғыстан, Бішкек. Үлкен рахмет. Қошеметтен алған әсерді сөзбен жеткізу оңай болып тұрған жоқ", - деп жазған бейнежазбаға.

Десе де, олардың әрекеті жұрттың қызу талқысына түскен. Бірі оларды шошаңдап, ұлттық аспапты қор қылды деп сынға алса, енді өзгелері Тұрсынбектің әйелі енді өз жолын тапқандай деген пікірлерін қалдырған.

"Мына қыз салмақты болса жарар еді, асау аттай тебініп, бір түрлі, ерсі екен". "Мүлдем жараспай тұр. Шошаңдамай домбыраны, күйді қор қылмай әдемі, сыпайы болып қазақтың ұлттық киімін киіп майысып сахнаға шықса керемет болар еді". "Домбырашы деген салмақты болушы еді, мына кісінің қимылы ерсі көрінеді екен. Ал Мөлдір өнердегі өз орынын тапқандай". "Мөлдір сенің нағыз жұмысың қазақтың домбырасын күйін дәріптеу", - деген сан түрлі жазбалар бар.

Ұсынылатын