Saturday, 23 November,2024

Әсет Ерғалиев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақорда жазды.

Әсет Ерғалиев 1986 жылы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін - Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Еуропа қайта құру және даму банкі Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы.

2013 жылғы қаңтардан 2016 жылғы маусымға дейін – ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Вице-президенті, Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма Төрағасы.

2016 жылғы қазан – желтоқсан аралығында - «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.

2016 жылғы желтоқсаннан 2017 жылғы тамызға дейін - ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2017 жылғы тамыздан 2018 жылғы қыркүйекке дейін - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі.

2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

2019 жылғы наурыз - тамыз аралығында - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін - ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2021 жылғы қаңтардан 2022 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін атқарады

Ұсынылатын