Monday, 16 September,2024

Әскерде тағы да өлім: Оқыс оқиға полигондағы оқу-жаттығу кезінде тіркелді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ақтау гарнизонының "Оймаша" оқу полигонында жұмыс барысында белгісіз зат жарылған. Салдарынан әскери қызметші көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарулы күштері құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі дерегіне сүйенсек, оқиға 30 қыркүйекте Ақтау гарнизонының "Оймаша" оқу полигонында тіркелді. Жаттығу барысында белгісіз зат жарылып, әскери қызметші түрлі жарақат алған.

"Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Медицина қызметкерлерінің шұғыл әрекетіне қарамастан, әскери қызметші ауруханаға барар жолда қайтыс болды", - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, оқиға орнына "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Оспанов бастаған комиссия жіберілген.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тексеруді бастады.Қарулы күштердің құрлық әскерлерінің басшылығы қайтыс болған әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ұсынылатын