Sunday, 24 November,2024

Әскерін Украинаға бағыттаған Ресейдің ішкі тәртібі әлсіреді ме?

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ресейде мигранттар жасайтын қылмыс көрсеткіші өсіп келеді. Бұл туралы РФ ІІМ басшысы Колокольцев мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Азаттықтың жазуынша, 2021 жылдан бері Ресей Федерациясындағы шетелдіктер саны азайғанымен, олар жасаған қылмыс көрсеткіші артқан. Десе де Ресей әлі күнге әлемде мигранттар саны бойынша төртінші орында тұр. Сондықтан олардың құқытық тәртібі өзекті мәселе болып отыр, дейді министр.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, еңбек мигранттары 4 млн адамға толыққан.

Өзге ел азаматтары жасаған қылмыстың әрбір төртіншісі есірткі бизнесімен байланысты. Сонымен өатар бопсалау, адам ұрлау, жол-көлік оқиғасы да бар.

Елге кіруге тыйым салынған жүздеген мигрант Ресейге аты-жөнін өзгертіп, жалған некеге тұрады, орыс тілінен өтірік сынақ тапсыратын көрінеді. Осылайша түрлі қылмысқа барып жүр дейді министр.

Ұсынылатын