Saturday, 23 November,2024

Аспан мен жер ортасында жаңа әлем жасап шығардық – Көңілбай Шүкенов

Uaqyt.info
Фото alashainasy.kz

Белгілі меценат, көптеген отбасының баспаналы болуына мұрындық болып жүрген Көңілбай Шүкенов әлемде теңдесі жоқ жоба жасап шығарды. Кәсіпкердің айтуынша, оның ойлап тапқан Мета-әлемі Илон Масктің жобасынан әлдеқайда мықтығырақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Көңілбай Шүкенов Uaqyt.info тілшісіне берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, вертуалдық кеңістіктегі Мета-әлемді жасап шығаруға екі жылдай уақыт кетіпті. Ол үшін кәсіпкер шетелден және өзіміздің мықты деген IT мамандарды шақыртқан.

“Мұндай жоба әлемдік деңгейде жоқ. Facebook 4 миллиард доллар салып, 2000 адамымен әлі күнге дейін бұл жобаны аяқтай алмай келеді. Ал біз бар-жоғы санаулы адаммен, екі жылдың ішінде осы дүние жасап шығардық. Қазірдің өзінде кез келген адам біздің мета-әлемге кіре алады. Ол үшін телефон, компьютер немесе VR  көзілдірігіңіз болса жеткілікті”, - деді Көңілбай Шүкенов.

Көңілбай Шүкеновтің айтуынша, Мета-әлемде кез келген адам жайлы өмір сүре алады. Ол үшін онда барлық жағдай жасалған. Сауда жасап, қалаған затыңызды сатып ала аласыз. Тіпті отбасыңызбен киноға барып, кафе-мейрамханаларда достарыңызбен көңіл көтересіз. Кәсіпкер бұл жоба Илон Масктың жасап шығарған Мета-әлемінен әлдеқайда мықты екенін айтады.

“Әлемдік деңгейде біздің жоба көшбасшы болып тұр. Алматыда өткен форумда да 30-дан аса мемлекеттен келген сарапшылар бізге өте жақсы деген баға берді. Тіпті 4 миллиарда долларға сатып аламыз деген ұсыныстар түсті. Бірақ біз мұны сату үшін емес, Орталық Азияда, сондай-ақ әлемде бірінші болу үшін жасап шығардық. Біздің ойлап тапқан жасанды интеллект, Илон Масктың жасаған дүниесінен әлдеқайда мықтығырақ. Өйткені біздің бағдарламада 150 тіл бар және берілген тапсырманы жылдам орындайды”, - деді кәсіпкер.

Алайда әлем мамандары мойындап, көз тіккен жоба елімізге керек болмай тұр дейді Көңілбай Шүкенов. Ол билік басында отырғандардан әзірге қолдау таппай отырғанына қынжылыс білдірді.

“Біздің билік басында отырғандар бұл жоба туралы жақсы біледі. Бірақ Білім министрлігінен өзге қызыққандар болмады. Олар мета-әлемнің ішінен мета-мектеп ашуды ұсынып отыр. Ол жағын қазір қарастырып жатырмыз. Бұл жоба Қазақстанды әлемге танытады. Өкінішке қарай, өзге мемлекеттер қызығушылық танытып отырған мета-әлем  біздің биліктегілер үшін қызық емес. Оған қоғам да дайын емес. Сондықтан біз дайындап шығарған мета-әлемді Америкаға жіберуіміз мүмкін”, - деді Көңілбай Шүкенов.

 

 

Ұсынылатын