Saturday, 23 November,2024

Асқар Наймантаевтың сүйегін театрдан шығаруға билік неге рұқсат бермей отыр?

Uaqyt.info
Фото

59 жасқа қараған шағында қайтыс болған белгілі актер Асқар Наймантаевты тетардан шығаруға кімдер қарсы болып отыр? Әлеуметтік желіде осыған қатысты түрлі пікір жазылып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

2 желтоқсанда белгілі сатирик Асқар Наймантаев өмірден өтті. Әлеуметтік желіде актерді қайдан шығарады деген сауал қызып тұр. Зиялы қауым өкілдерінің айтуынша, Наймантаевты театрдан шығаруға билік өкілдері рұқсат бермеген.

“Жалған дүние-ай. Тірісінде қызмет бермеді, атақ бермеді. Енді сүйегін Әуезов театрынан шығаруға да жоғарғы жақ қарсы болып жатыр дейді әріптестері. Қазақ руханиятына еңбек сіңірген адам Асқар Наймантаевтай сіңірсін! Асағам турашыл болды. Бетің бар, жүзің бар демей айтып салатын. Сонысымен Астанаға да, ақ жағалыларға да жақпады. "Өкпеге қисақ та өлімге қимайтын" елдің баласы едік. Мынау ұят болады. Театрдан шығарса Наймантаев тіріліп кетеді деп отырсыңдар ма? Aida Balayeva өзіңіз араласып, шешіп берсеңіз”, - деп жазды Оңғар Қабден.

Жазушы Қанат Әбілқайыр да министрге осы мәселеге араласуын талап етті.

“АСҚАР АҒАМЫЗДЫҢ ӘРУАҒЫНАН ТЕАТРДЫҢ АЛДЫН ҚЫЗҒАНЫП ОТЫРҒАН КІМ? Асқар Наймантаевтің қазасы қазақтың қабырғасын қайыстырып кетті. Әлеуметтік желідегі бұқара талантты ұлын жоқтап жатыр.  Ал, біздің атқамінерлер тағы да отпен ойнап, актерді ақтық сапарға шығарып салуға театрларын қимай қалыпты. Министрлік тезірек есін жимаса, министр Aida Balayeva ханым сынның астында қалғалы тұр”, - деді Қанат Әбілқайыр.

Ұсынылатын