Saturday, 23 November,2024

Астана әкімі су астында қалған тұрғындардан кешірім сұрады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Су басқан көшелерге қатысты қала әкімі Жеңіс Қасымбек жауап берді. Оның айтуынша, Астанада аяқ астынан көп мөлшерде жауын жауған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Сіз «Қазгидрометтен» ресми сұраныс алдырып, ақпаратты тексеріп көрсеңіз болады. Кеше 40 мм жауын түсті. Бізде бір айлық мөлшер 30 мм шамасында. Жарты сағат сел жүрді. Қаланың жаңа бөлігінде Ұлы дала көшесінде жаңбыр жауған кезде проблема болды. Біз оны жоққа шығармаймыз. Министрліктер үйі жанында осындай проблемалар болған еді. Қазір сіздер тек 30-дан астам учаскедегі проблеманы көріп отырсыздар”, - деді ол.

Әкімнің айтуынша, қала әлі де салынып жатыр. Сондықтан мәселе жақын арада шешілуі екіталай.

“Жаңбыр жылына бір-екі рет қана жаумайды. Жаздың аяғы, күздің басында күн сайын жауады. Проблема бар. Біз оны шешіп жатырмыз. Тұрғындардың қолайсыз жағдайда қалғаны маған да ыңғайсыз. Сол үшін кешірім сұраймын, - деді ол.

 

 

Ұсынылатын