Friday, 17 May,2024

Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты рейстер тоқтатылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Әуежай өкілдерінің айтуынша, әуеайлақта 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

 "Мұндай ауа райы ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан әуекомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейстерді тоқтату немесе кешіктіру туралы шешімдер қабылдайды", - делінген хабарламада.

Бүгін елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған. Оның ішінде ұшуға 7 рейс, ұшып келуге 8 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар ұшуға 6 рейс, ал ұшып келуге 12 рейс кешіктірілген.

"Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуекомпаниялармен байланысуы керек. Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 23 арнайы техника жұмылдырылған", - деді әуежайдың баспасөз қызметі.

Ұсынылатын