- Басты жаңалықтар
- Ауа райы
- Астана көшелерін жаңбыр суынан тазартуға 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Астана көшелерін жаңбыр суынан тазартуға 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Астана тоқтаусыз жауған жаңбырға байланысты 100-ден астам техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.
«Elorda eco system» мекемесі жерүсті суларды бұруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті шаралар жүргізіп жатыр: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды буландыру, су шығару. Сондай-ақ нөсер кәріз жүйелері мен тазартуға арналған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін осы іс-шаралардың арқасында 201 проблемалы учаскедегі су тасқыны мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
2023 жылы жерүсті суларды бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр.