Астанада 2 жасар қыз терезеден құлап кетті
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Елордада 2 жастағы қыз терезеден құлап, аман қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқыс жағдай 6 мамырда болған. Астанадағы Байтұрсынов 37 көшесінде 2021 жылы туған қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып, 7 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап кетті. Құдай сақтағанда, баланың періштесі қағып, аман қалды. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, терезеден құлайын деп тұрған баланы көршілері көріп, көрпемен қағып алған. Қазір ол ауруханада жатыр.
            


