Friday, 18 October,2024

Астанада 20-қабаттан құлағалы тұрғын қыз құтқарылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанада күзетші тұрғын үйдің 20-қабатында тұрған 10 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы танымал блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“25 жасар Нарұл Батырұлы 20-сыншы қабаттан құлағалы тұрған қызды құтқарып қалды.Кеше кешкі сағат 16:00 шамасында "Highvill Astana" тұрғын үй кешенінің С блогында 20 қабаттың карнизінде кішкентай қыз ілініп тұр деген хабарлама келіп түскен. Күзетші дереу 20 қабатқа көтеріліп, қыз құлағалы тұрған пәтерге кірген. Содан кейін баланы карнизден көтеріп, терезеден кіргізіп алған. Шүкір, баланы аман алып қалды. Шамамен 10 жастағы қыз екен. Үйде сол кезде әжесі де болған екен. Қазіргі уақытта баламен бәрі жақсы, ол ата-анасына берілді. Сақ болыңыз және балаларыңызға мұқият қараңыз, - деп жазды блогер.

Ұсынылатын