Астанада 8-ші сынып оқушысы зорланды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Астанада мектеп оқушылары 8-ші сыныпта оқитын қызды зорлаған. Жантүршігерлік ақпаратқа қатысты полиция тергеу амалдары жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“ Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды”, - деді полиция.
Айта кетейік, оқушының зорланғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, оқиға 17 қаңтарда болған. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ал жәбір көрген қызбен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.