Saturday, 23 November,2024

Астанада адам ұрлады деген күдікпен төрт адам ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адам ұрлады деген күдікпен төрт адамның ұсталғанын хабарлады. Олар өзін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Адам ұрлады делінген күдіктілер

Ведомство мәліметінше, олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған.

Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген.

Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпаратыңыз болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Звонок-орталығына хабарлауды сұраймыз.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституционныең 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәс і соттың заңды күшіне энген үкімимен белгиленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Ұсынылатын