Астанада әйелін екінші қабаттан лақтырып жіберген ер адам сотталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Астанада ішімдік ішіп, әйелін екінші қабаттағы балконнан итеріп жіберген ер адам 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
inbusiness.kz сайтының жазуынша, құлаған әйелдің денсаулығына ауыр зақым келген. Белгілі болғандай, ол мас күйінде үй ішінде жанжал шығарып, әйелін ұрып-соққан және тұншықтырып, балконның терезесінен шығарып, 2-қабаттан лақтырып жіберген.
Ер адам өз кінәсін мойындады, оны жәбірленушінің айғақтары мен сот сараптамасы қорытындысы және істің басқа материалдары да растады.
Сот үкімімен ер адам денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.