Астанада ауа райына байланысты 30-дан астам рейс кейінге шегерілді
Қолайсыз ауа райына байланысты 30-дан астам рейс кейінге шегерілді. Атап айтсақ, елордаға ұшып келуі тиіс 19, ал ұшып шығатын 12 рейстің уақыты өзгерген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
«Рейстердің кешігуі жолаушылар үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету себебінен орын болды, бұл азаматтық авиацияда басымдық болып табылады. Кешіктірілген рейстер келесі рейстердің тізбекті кешігуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты жолаушыларға әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақтылау ұсынылады. Сонымен қатар әуе компанияның кінәсінен рейс кешіктірілген жағдайда, жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кешігу ұзақтығына байланысты қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады», - деді Азаматтық авиация комитетінен.