Астанада балаларды соққыға жыққан ер адам ұсталды
Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам балаларға шабуыл жасады. Ол кішкентайлардың бірін қылқындырса, екіншісін тепкен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қатыгез ер адамның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда 30 жастағы жігіттің кішкентай балаларды соққыға жыққанын көруге болады. Осы дерек бойынша полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
“Бұзақылық дерегі бойынша, қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.