Saturday, 23 November,2024

Астанада банкке шабуылдаған ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанадағы Kaspi Bank ғимаратына қарумен келіп, адамдарды кепілге алған күдікті өз-өзін өлтіру үшін дәрі ішкені белгілі болды. Бұл туралы бүгінгі өткен сот отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сот отырысында Әлихан Мурадовқа қатысты айыпты прокурор Ақшораев оқыды.

«Тергеу нұсқасына сәйкес, Ә. Мурадов дәрі-дәрмек қолдану арқылы өзін-өзі өлтіру жөнінде шешім қабылдаған. Бірақ препараттың қажетті әсерін алмағандықтан банкті басып алу жоспарын ойлап тапты. Ол банктен мұқтаж жандарға қаражат талап еткісі келді, содан кейін оны ұстау кезінде қызметкерлер атып тастайды деп ойлады. Ә. Мурадов қолда бар құралдардан жарылғыш құрылғының муляжын жасады. Сыйлық дүкенінен жеңіл тапанша сатып алған. Сол арқылы банк бөлімшесіне шабуыл жасап, банк қызметкерлерін кепілге алды. Осылайша Ә. Мурадов ҚР Қылмыстың кодекстің 261-бабы, 4-тармағының 2-бөлігінде көзделген әрекетке барды (кепілге алу)», - деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда Әлихан Мурадов банкке қаруланған күй келіп, бірнеше адамды кепілдікке алған болатын. Абырой болғанда, оның шабуылынан ешкім зардап шеккен жоқ.

 

Ұсынылатын