Friday, 22 November,2024

Астанада бес жасар қыз зорланды

Uaqyt.info
Фото

Астанада бес жастағы қызды зорлады делінген ер адам күдікке ілінді. Тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Жантүршігерлік хабарды НеМолчи қорының басшысы Дина Смайылова мәлімдеді. Оның айтуынша, кішкентай қызды әкесінің танысы зорлаған.

“Анасы жұмысқа кеткенде әкесі үйде танысымен ішімдік ішкен. Содан әлгі ер адам қызды алып кетіп, ойына келгенін істеген. Анасы жұмыстан келгенде әбден шошынып қалған қызы барлық жағдайды баяндап берген”, - деді Дина Смайылова.

Қазір бұл іс бойынша Астана ПД ҚК 121-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандарға сексуалды зорлық көрсету) бабымен  іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне қарай жария етілмейді", – делінген хабарламада. 

Ұсынылатын