Астанада ер адам кісі өлтіргеннен кейін автобусқа отырып, қашып кеткен
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Астанада жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды. Ер адам қарсыласын пышақтап өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамның мәйіті 26 тамызда қаладағы “Артем” сауда үйінің маңынан табылған. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Қылмыс куәгері полицияға күдіктінің қай бағытқа қашып кеткенін көрсетті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа мінгенін анықтап, іздеу бағатын нақтылаған", - деді баспасөз қызметіндегілер.