Астанада газ балоны жарылды, зардап шеккендер бар
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Елордадағы Алматы ауданында газ балоны жарылды. Салдарынан 3 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Төтенше жағдайлар департаменті дерегіне сүйенсек, оқиға Сарын көшесінде тіркелген. Астаналық өрт сөндірушілер жеткен соң қазандық бөлмесінде газ-ауа қоспасының өршігенін анықтады.
"Газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуінен үш адам зардап шекті. Ер адам және екі бала. Олар ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпаратта.
Алдын-ала себеп бойынша, газдың ағып кетуіне байланысты, электр қуатын тағы бір қосу процесінде газ-ауа қоспасы пайда болған.