Астанада КАМАЗ жүк көлігі жаяу жүргіншіні басып кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Астанада КАМАЗ жүк көлігі жаяу жүргіншіні басып кетті. Соның салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 29 желтоқсанда Ақан сері көшесінің бойында болған.
"Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге жолда қырағы әрі барынша мұқият болуға, ал жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуге кеңес береміз", - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі