Астанада көпқабатты үйдің балконында ілініп тұрған бала жұртты шошытты
                     Uaqyt.info 
                     
  
                     
  
                
                 Фото ашық дереккөзден
                         Фото ашық дереккөзден
                                                        Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде 4-ші қабатта ілініп тұрған баланы 7-ші сыныптың оқушысы құтқарып қалды. Оқиға 20 мамырда болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Балконда ілініп тұрған баланың видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Онда 5 жасар баланы оқушының құтқарып қалғанын көруге болады. 7 сыныпта оқитын Ақан есімді оқушы кішкентай баланың өмірін арашалап қалды.
"Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді", - деп хабарлады Астана әкімдігі.
 
             
                             
                             
                             
                             
                            


