Friday, 22 November,2024

Астанада күтуші қыз зейнеткердің 2,5 миллион теңгесін үптеп кетті

Uaqyt.info
Фото inszyby.com

Елордада 73 жастағы кейуананың қомақты қаржысын күтушісі ұрлап кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, зейнеткердің күтушісі болып жүрген 22 жастағы қыз коммуналдық төлемдерді жүргіземін деген желеумен кейуананың телефонына кіреді. Содан ол шотта тұрған 2,5 миллион теңгені еш қымсынбастан қалтасына басқан.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктінің  басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Ұсынылатын