- Басты жаңалықтар
- Сот
- Астанада LRT ісі бойынша сот үкімі шықты: Компанияның бұрынғы басшысы мен әкім орынбасары 7 жылға сотталды
Астанада LRT ісі бойынша сот үкімі шықты: Компанияның бұрынғы басшысы мен әкім орынбасары 7 жылға сотталды
Елордада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша сот айыпталушыларға үкім кесті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бір ерекшелігі бұл сот процесі айыпталушыларды сырттай соттады. Компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке сот 7 жылға жаза кесті.
"Сот Қанат Сұлтанбеков ҚР ҚК-ның 1997 жылғы редакцияда 235-баптың 3-бөлігі бойынша кінәсіз деп тануға және оны қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін ақтауға үкім шығарды. Қанат Сұлтанбеков ҚР ҚК-ның 28-бабы 3-бөлігі, 189-бабы 2-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте, судья және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалсын.
Ардан Талғат ҚР ҚК-ның 1997 жылғы редакцияда 262-баптың 3-бөлігі бойынша кінәсіз деп танылсын және оның қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін ақталсын. ҚР ҚК-ның 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша жасалған қылмыс үшін кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Виктория Семенова.
Айта кетейік, LRT ісі бойынша сот 2020 жылдың күзінде Астанада басталды. Айыпталушылар қатарында 5,8 миллиард теңгені жымқырды деп айып тағылған жеті адам бар.