Sunday, 24 November,2024

Астанада мас күйінде көлік жүргізген қыз адам қағып өлтірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанада 20 жастағы қыз мас күйінде көлікпен бір адамды қағып кетті. Соның салдарынан 78 жастағы әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Toyota Camry» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Астана қаласының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын тұлғалардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген мәліметте.

Ұсынылатын