Астананың мектептетерінің бірінде баспалдақтан құлаған оқушы комаға түсті
Uaqyt.info
Фото
Астанадағы мектептердің бірінде оқушы баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алды. Соның салдарынан оның көзі көрмей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы құқық қорғаушы Динара Смаилова мәлімдеді. Оның айтуынша, басынан алған қатты соққыдан баланың бас сүйектері сынып кеткен. Тіпті оның көзі көрмей қалуы мүмкін.
“Қазір балаға Түркияда шұғыл ота жасау керек. Ол бас жарақатының кесірінен көзі көрмей бара жатыр”, – деп жазды Динара Смаилова.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда құқық қорғаушы мектеп директорының жауапкершіліктен құтылып кете ме деп қауіптенеді.