Sunday, 8 December,2024

Астанада мұқабасы адамның терісінен қапталған кітап зерттелуде

Алмас Абылай
Фото aa.com.tr

Елордада адам терісімен қапталған кітап әлі де зерттелуде. 330 беттен тұратын еңбектің бүгінде тек 10 беті ғана оқылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Anadolu сайты жазды. Дерекке сүйенсек, көне латын тіліндегі кітап 1532 жылы жазылған деген болжам бар. Еңбекті 2014 жылы жеке коллекционерлердің бірі Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға сыйға тартқан. Кітапхананың ғылым бөлімінің сарапшысы Мөлдір Төлепбай еңбектің көптеген ғасыр бұрын кең таралған және қазір қолданылмайтын әдіспен түптелгенін айтуда.

"Бұл экспонатты тамашалауға келушілер көп. Кітаптың мұқабасы антроподермиялық, яғни адам терісінен түптеу әдісімен жасалған. Астанадағы Ұлттық медицина ғылымдары орталығының зертханасында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қолжазбаның мұқабасында адамның арқа терісі пайдаланылған деген қорытынды жасалды", - дейді ол.

Сондай-ақ, маман қолжазбаның мазмұны әлі де жұмбақ қалпында дегенге тоқталды. Өйткені кітап көне латын тілінде жазылған. 330 беттің бүгінде тек 10 парағы ғана оқылыпты. Алғашқы беттерде кіріс және шығыс төлемдері, несиелер мен ипотекалық төлемдер туралы мәліметтер берілген.

Ұсынылатын