Saturday, 23 November,2024

Астанада оқушы қызды пышақтап кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Астанада Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын 18 жастағы оқушыны пышақтап кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Tengrinews.kz жазуынша, 18 жастағы оқушының жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

"Науқас жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Оның жағдайы тұрақты, есін біледі", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, оқиға 26 мамырда болған. Іштің алдыңғы қабырғасынан бірнеше жарақат алған 2006 жылғы қыз қазір ауруханада ем алып жатыр. Ал қастандық жасаған күдікті қамауға алынған.

Ұсынылатын