Астанада оқушысы баспалдақтан құлаған мектептің директоры қызметінен кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Астанадағы №14 мектеп директоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл ақпаратты Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі өкілдері растады. Айта кетейік, бұған дейін мектепте болған жағдай қоғамда үлкен шу туғызған еді. оқушы баспалдақтан құлап, басының бірнеше жерінен ауыр жарақат алған болатын.
“Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Есін жиды, жағдайы тұрақты. Ол комаға түскен жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.