Sunday, 24 November,2024

Астанада өрттен үш бүлдіршін және екі ересек адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото

Астананың Байқоңыр ауданында 5 адам тірідей жанып кетті. Тілсіз жау жатақханадан шыққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жантүршігерлік ақпаратты журналист Ақбөпе Тәңірберген өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Онда алапат өрттен 5 адамның қаза тапқаны айтылған. Көз жұмғандардың ішінде кәмелетке толмаған үш бала бар. Әзірге қайғылы оқиғаға қатысты құзырлы орган жауап берген жоқ.

“Астанада 5 адам жанып кетті. Бір қызығы Төтенше Жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова Байқоңыр ауданында 5 бірдей адамның жанып кеткенін білмеймін дейді. Байқоңыр аудандық ТЖД сол беті жоғалды. Байқоңыр ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Үкілім менде ақпарат бар, бірақ бере алмаймын, ТЖД берсін дейді.

Көршілерінің айтуынша акимат бұл жатаханадан тірі шыққандарды сол күні алып кетіп, қонақ үйге орналастырған. Қайтыс болғандарды кеше жерлеген. Басқа ақпарат бергілері жоқ. Жасырып-жауып отыр екен.

Қайтыс болған бөбөктер 5-6-7 жас шамасында деді. Байқоңыр ауданы ТЖД хабарлассам телефонды алған Данияр Сәбитович 3 күн бұрын болып кеткен нәрсе ғой, қайтесіңдер дейді. Оларға 5 адамның өлімі түк емес. Әбден еттері үйреніп кеткен сияқты”, - деп жазды Ақбөпе Тәңірберген.

Ұсынылатын