Астанада паркингтен өрт шығып, адамдар эвакуацияланды
Uaqyt.info

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі паркингтен өрт шығып, адамдар эвакуцияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info
ТЖМ таратқан мәлімет бойынша, өрт 6 маусымда қаладағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі автотұрақтан шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер көліктің жанып жатқанын анықтады. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
«Өрт орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды барлап эвакуациялауда. Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.