Friday, 18 October,2024

Астанада саябаққа есірткі жасырумен айналысқан бойжеткен ұсталды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Елордада полицейлер есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкен иесін ұстады. Ол саябақта зиянды затты жасыру кезінде құрықталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция ақпаратына сүйенсек, бойжеткенді саябақта есірткі жасырып жүрген сәтінде анықталған. Жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы 0,53 гр экстази есірткі заты тәркіленді. Кейін жалдамалы пәтерді тінту барысында есірткі заттары бар үлкен қойма анықталды. Олардың ішінде мефедрон, гашиш, галлюциногенді, марихуана және каннабис шайыры бар.

"Ол заттарды ұсталған азаматша өзінің есірткіні сатумен айналысатын интернет дүкенінде сатпақшы болған. Есірткі курьері елордада өткізуді көздеген 400 гр жуық есірткі заты заңсыз айналымнан тәркіленді. Полицейлер қаланың халық көп шоғырланған жерлерінде есірткі курьерлері жапсыратын QR-кодтары бар жапсырмаларды тапты", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Фигурант УҰИ-ға қамалды.

Ұсынылатын