Monday, 16 September,2024

Астанада тағы бір құрылысшы биіктен құлап мерт болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Елордада 16-шы қабаттан құлаған құрылысшы мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы қалалық ПД мәлімдеді. Ондағылардың айтуынша, аталған факті бойынша ҚК  277-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалған.

“Осы жылдың 12 тамызында Астана қалалық полиция департаменті Алматы аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне құрылыс нысанында 16-шы қабаттан адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында жұмысшының желдету шахтасына құлағаны анықталды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын