Friday, 18 October,2024

Астанада тұрғын үйден шыққан өрт үш адамның өмірін жалмады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанада өрттен үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова айтты.

“Бүгін түнгі сағат 01:25-те Астана қаласының өрт сөндіру қызметіне Титов көшесі, 25 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде екі пәтерлі тұрғын үйде 70 шаршы метр аумақ жанып жатты. Өрт сөндірушілер жанған үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарып, ол газдан орташа улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылдары туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты. Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылды”, - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.

 

Ұсынылатын